Іс-шаралар » Страница 2 » Жетісу облысы Сарқан ауданы Тасарық орта мектебі
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
11
январь
2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Қазақстандық балалардың әл-ауқатын позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту арқылы қамтамасыз ету. Орталықты ашу туралы мектеп директорының бұйрығы шығарылып, жұмыс тобы құрылып, жұмыстар өз жалғасын табуда.
ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
28
декабрь
2023
ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ! 28 желтоқсан күні Сарқан қаласындағы 1 мектеп гимназиясында Жаңа жылдық шара өткізілді. Аудан әкімі атынан өткізілген шырша , балаларды қуаныш пен шаттыққа бөледі. Шараға Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Мерекелік шара барысында балалар Аяз Ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлері Тазша баламен би билеп, ән айтып ертегілер еліне саяхаттады. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің 3 оқушысы қатысып, жаңа жылдық сыйлықтарын алды.
"Аймақтық жарыс"
06
декабрь
2023
"Аймақтық жарыс"
Мектебімізде 5-6 сынып ұлдар және қыздар арасында волейболдан аймақтық кездесу өткізілді . Нәтижесінде, ұлдар мен қыздар жүлделі 1 орындарды иеленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
29
ноябрь
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде аудандық-аймақтық дебат өткізілді.
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру.
24
ноябрь
2023
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру.
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету. Әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю. Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау мақсатында тәрбиелік сағаты өткізілді. Сабақтың басында Тергеусіз Аяулым және Көрпебай Аяжан тақырыпқа сәйкес дайындаған хабарламалар жасап, оны түсіндіріп берді.Оқушылар бір-біріне бірнеше сұрақтар қойып, пікірлерімен алмасты.
"Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны"
20
ноябрь
2023
"Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны"
"Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны" тақырыбында 8-11 сынып қыздары арасында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Қыз балаларға тазалық, сұлулық және жалпы қыз баласының тәрбиесі туралы айтылып өтті.
"Зорлық-зомбылықтың алдын алу "
17
ноябрь
2023
"Зорлық-зомбылықтың алдын алу "
Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Балалар болашақта қандай азамат болуың мектепте, отбасында, қоршаған ортада алған тәрбиелеріне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының
"Күзгі демалыс"
02
ноябрь
2023
"Күзгі демалыс"
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында денешынықтыру пәнінің мұғалімі бастуыш сынып оқушыларымен шашки-шахматтан жарыс өткізді.
“ 25-қазан Республика күніне”
26
октябрь
2023
“ 25-қазан Республика күніне”
“ 25-қазан Республика күніне” орай мектепішілік жоспарға сай 10, 11 - сынып оқушыларының “Қазақстан еліне саяхат” тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді. Нәтижесінде: Көрпебаева Аяжанның, Берікбол Іңкәрдің, Ысқақ Мирастың, Зұлқақ Толғанайдың, Көрпебаева Арайлымның жазған эсселері үздік деп танылды. Жетекшілері Б.Б.Сыдыканова және А.Д.Дільмұратова
"Төрт тоқсанға төрт өнер "
26
октябрь
2023
"Төрт тоқсанға төрт өнер "
“ Төрт тоқсанға төрт өнер” атты Ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында 2 - сынып оқушыларының “Гүлдер”, "Күшігім", "Күзгі табиғат", "Ұстазыма" тақырыбында Сарқан газетіне мақалалары жарияланды. Жетекшісі: Атамбекова Алия Тоқтарқызы
"http://tasaryk-sarkand.mektebi.kz/uploads/posts/2022-09/1663579180_whatsapp-image-2022-09-15-at-21_34_16.jpeg"