Біз туралы » Страница 2 » Жетісу облысы Сарқан ауданы Тасарық орта мектебі
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жүлделі ІІ-орын
04
октябрь
2024
Жүлделі ІІ-орын
Аудан бойынша шағын жинақты мектептер арасында 2023-2024 оқу жылының жыл қорытынды рейтингісінде мектебіміз жүлделі ІІ-орынды иеленді. Мектеп ұжымының еңбегі ерен! Сонымен қатар, география пәні мұғалімі Сыдыканова Бекзат Бармақбаевна аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлының «Құрмет грамотасымен», бастауыш сынып мұғалімі Атамбекова Алия Тоқтаровна аудандық білім бөлімінің басшысы Серикбаева Гүлнар Муратовнаның «Алғыс хатымен» марапатталды. Құттықтаймыз!
«Бала тәрбиесі – басты құндылық»
18
сентябрь
2024
«Бала тәрбиесі – басты құндылық»
Мектебімізде 18 қыркүйек күні сағат 11.00 де «Бала тәрбиесі – басты құндылық» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Бірыңғай тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, құқықтық сауаттылыққа, тәртіпке, тұлға болып қалыптасуға, құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру болып табылады.
«Шебердің қолы ортақ»
19
апрель
2024
«Шебердің қолы ортақ»
Сарқан көпсалалы колледжі СҚӨ ПЦК-ның ұйымдастыруымен өткен «Шебердің қолы ортақ» бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер шығармашылық байқауы 18.05 күні өткізілді.Мақсаты: • Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер мен бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосу; • Бастауыш сынып арасынан дарынды оқушыларды анықтау; • Сарқан қаласы мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерлерін насихаттау. Осы аталған байқауға 9 сынып оқушысы Құлықбай Самал «Алғыс хат» иеленіп қайтты. Жетекшісі:
"Ұлттық дәстүр"
20
март
2024
"Ұлттық дәстүр"
"Ұлттық дәстүр" тақырыбында Наурызнама концепциясы бойынша 14-23.03 аралығында көрме өткізілді. Жауапты мектеп кітапханашысы М.Е.Есимбекова.
«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»
04
июль
2023
«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»
«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» деп айтып өткендей, бүгінгі күні өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрі нығайту, жастардың құқықтық білімі және мәдениет деңгейін арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шаралары туралы айтып, бірақатар ұсыныстарын жеткізді. Бұйрық шығарылды және таныстырылып қол қойдырылды.
"Қалдықтарға екінші өмір сыйла" аудандық жоба
13
апрель
2023
"Қалдықтарға екінші өмір сыйла" аудандық жоба
9-сынып оқушылары арасында "Қалдықтарға екінші өмір сыйла" тақырыбында 13.04 күні жоба байқауы ұйымдастырылды. Тасарық орта мектебінен  Көрпебаева Аяжан Өмірбекқызы "Целлофан қалдыңының тиімділігі" тақырыбында жоба қорғап "Бас жүлдені" иеленді. Жтекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдыкова Гулнур Мырзалиевна.
Бүкіләлемдік денсаулық күні
07
апрель
2023
Бүкіләлемдік денсаулық күні
7 сәуір "Бүкіләлемдік денсаулық күніне" орай мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттай отырып, таңғы жаттығу ұйымдастырлды. Таңғы жаттығуға ұстаздар, оқушылар, кіщі қызметкерлер қатысты.
Аудандық олимпиада
03
апрель
2023
Аудандық олимпиада
2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Мектебімізден 2-3 сынып оқушылар қатысырлырылып, нәтижесінде 2-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен Өмірзақ Бегайым ІІ орын, жаратылыстану пәнінен Қасым Айсұлу ІІІ орын, математика пәнінен Серік Нұрай ІІІ орынды иеленді.
"Ұлттық мектеп лигасы" Шахмат
31
март
2023
"Ұлттық мектеп лигасы" Шахмат
"Ұлттық мектеп лигас" Шахматтан "Ақбозат" 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық жарысында жүлделі ІІ орынды Сарқан ауданы, Тасарық орта мектебі иеленді.
"http://tasaryk-sarkand.mektebi.kz/uploads/posts/2022-09/1663579180_whatsapp-image-2022-09-15-at-21_34_16.jpeg"