Жүлделі ІІ-орын
Аудан бойынша шағын жинақты мектептер арасында 2023-2024 оқу жылының жыл қорытынды рейтингісінде мектебіміз жүлделі ІІ-орынды иеленді. Мектеп ұжымының еңбегі ерен! Сонымен қатар, география пәні мұғалімі Сыдыканова Бекзат Бармақбаевна аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлының «Құрмет грамотасымен», бастауыш сынып мұғалімі Атамбекова Алия Тоқтаровна аудандық білім бөлімінің басшысы Серикбаева Гүлнар Муратовнаның «Алғыс хатымен» марапатталды. Құттықтаймыз!